01
февраль
2021
"Өзін өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы"
Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2021 жылдың 5 қаңтардағы 15-6/3 хатының негізінде "Өзін өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы"іс шаралар жоспарына сәйкес кітапханашы Сиязова Шолпан 5- сыныптар арасында "Алтын жүрек анамыз" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді.Оқушылар байқауға ерекше дайындықпен қатысып, аналарына деген махаббатын сезіммен жеткізе білді.Сонымен қатар өзін-өзі тану пәні мұғалімі Майлыбаева А.
9-сыныптардан "Махаббатқа толы жүрек"тақырыбында эссе жаздырды.Мақсаты өздерінің үлкенге,ата-анаға деген шынайы махаббаттарын жеткізу еді.Балалар аталған іс- шараларға толық қатысып,белсенділіктерін көрсете білді.