Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N78 жалпы орта білім беретін мектебінде 03.02.2021 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Б.Е.Халиеваның ұйымдастыруымен сыныптарда санитарлық талаптарды сақтай отырып, ZOOM пла » №78 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№78 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 68-84-417
Есепші бөлімі:
+7(705) 68-84-417
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N78 жалпы орта білім беретін мектебінде 03.02.2021 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Б.Е.Халиеваның ұйымдастыруымен сыныптарда санитарлық талаптарды сақтай отырып, ZOOM пла
03
февраль
2021

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N78 жалпы орта білім беретін мектебінде 03.02.2021 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Б.Е.Халиеваның ұйымдастыруымен сыныптарда санитарлық талаптарды сақтай отырып, ZOOM пла




























Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N78 жалпы орта білім беретін мектебінде 03.02.2021 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Б.Е.Халиеваның ұйымдастыруымен сыныптарда санитарлық талаптарды сақтай отырып, ZOOM платформасында "Штаттық режимдегі 1-4 кезекші сыныптарда оқытудың белсенді әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары" тақырыбында вебинар-семинар өтілді. Семинардың мақсаты: Мұғалімдермен сабақта білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін, оқытудың белсенді әдістерін пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқушыларды жүйелі түрде оқыту, танымдық іс-әрекетке қалыптастыру, өз бетімен білім алып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру. Семинар барысында А.Ш.Тилепбергенова әдебиеттік оқу пәнінен 3- сыныпқа, Б.С.Сарыбекова математика пәнінен 3-сыныпқа, Ә.Т.Игілікова қазақ тілі пәнінен 4-сыныпқа, Ә.Е.Өтемұрат  сауат ашу пәнінен 1-сыныпқа арналған ашық сабақтарын ұсынды. Вебинар-семинарда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңінен талқылау жүргізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың пікір алмасу кезінде өткізілген сабақтарға жоғары баға беріліп, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің оқушы зейінін ашуда тиімді екендігі айтылды. Осындай семинардың жоғары дәрежеде өтуіне басшылық жасағаны үшін ұжымды басқарып отырған мектебіміздің директоры Жанабаева Қанткүл Мырзанқызына,  оқу ісінің орынбасары Құлжанова Жанат Бабашқызына, басқа да ұйымдастырушыларға Әдістемелік бөлім басшысы С.Утемисова  алғыс білдірді. Мектеп ұжымы да бастауыш пән мұғалімдеріне білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді ұстаз болуына тілек тілей отырып, өз алғыстарын білдіреді.

Похожие публикации:

17 октябрь 2019 Тарификация
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив